Дархан Қыдырәлі BAQ.KZ тілшісіне қоғамда тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі жиі көтерілгенімен харассмент туралы айтыла бермейтінін айтады.
Ол бойынша үкімет қандай жұмыстар атқарып жатыр? Жалпы бұрынғы қазақ қоғамы әйелін, бауырын қалай құрметтеген? Сұхбат барысында Дархан Қыдырәлі осы сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ қоғамның тағы бір дерті құмар ойынға қандай тосқауыл қойылуға тиіс? Мемлекет, ата-ана тәрбие беруде нені жіберіп алды? деген тақырыпта ой қозғады.
Сенат депутаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "үнемшілдік оң үрдіске айналуға тиіс" деген сөзіне тоқталды. Оның айтуынша, көпшілікте әлі де ысырапшылдық бар.
2024 жылы Қаңтар оқиғасына 2 жыл толады. Оқиға кезінде Дархан Қыдырәлі қайда болды? Жалпы, қанды оқиғаға кінәлілер жазаланды ма? Еліміз осы уақыт аралығына дейін қалай өзгерді?
Сонымен қатар Сенатор дініміздің атын жамылып, Қаңтар кезінде көзге түскен бүлікшілер туралы сөз қозғады. Сонымен бірге елімізде биыл күрделенген дін мәселелеріне кеңінен тоқталды.