Жол апаты Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде болған.
Павлодар облысында 4 адам қайғылы жағдайда қайтыс болды
851
оқылды

Павлодар облысында тасжолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан жол апаты болды. Автокөлік ішінде болғандардың барлығы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жол апаты Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде болған. Жедел жәрдемге хабарлама кешкі сағат 17:58–де келіп түскен.

«Апатқа екі көліктің соқтығысуы себеп болды. Байқоныс ауылынан жедел жәрдем бригадасы мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадасы бірінші санаттағы шұғыл шақырумен шықты, медицина қызметкерлері апат орнына 11 минутта жеткен. Оқиға орнында дәрігерлер төрт ер адамның қайтыс болғанын растады», – деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен.

Полиция департаменті әзірге оқиғаның мән-жайы мен себебін жарияламады.