Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлеріне еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгіннен бастап 1,8 миллион адамның жалақысы өсті
8,397
оқылды

Бүгіннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында елімізде ең төмен жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлеріне еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Осыған байланысты 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмысшының, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірісі өседі.

Бірінші кезекте ең төмен жалақыны арттыру «айлығы аз» қызметкерлерге қатысты болады.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.

Еске сала кетсек, ең төмен жалақы еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт саналады және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.