Жаңа жыл түні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Жаңа жыл түнінде құтқарушылар 518 адамды аман алып қалды
1,097
оқылды

Өткен тәулікте 31 желтоқсанда ТЖМ қызметкерлеріне 163 шақырту түсті. Оның 94-і өрт, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да шағым болды. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Мамандар 518 адам, оның ішінде 65 баланы құтқарды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертуді, ауа райын бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады.

Бұған дейін Атырауда көпқабатты үй өртенгені туралы жазған болатынбыз.