Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты
668
оқылды

31 желтоқсаннан бірінші желтоқсанға қараған түні Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің сыртқы қаптамасы өртенді.

Оқыс оқиға сағат 02:33-те Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданы Елорда даңғылында орналасқан «Family» тұрғын үй кешенінің 2-блогында орын алды. Шамамен үйдің сыртқы аумағының 250 шаршы метрі жанып кетті. Өрт сағат 03:19-да толық сөндірілді. 

Өртті ауыздықтау жұмыстарына 9 өрт сөндіру автокөлігі мен 53 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша пиротехникалық бұйымдардың себебінен болуы мүмкін.

 

Баян Жанұзақова