Бүгін әнші Димаш Құдайберген халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Құрметті достар, сіздерді Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!
Аспанымыз ашық, жүрегіміз шаттыққа толы болсын. Жаңа жылдағы бастамаларыңыз сәттілік әкелсін!
Жан дүниеміз тұрақтылық пен сенімділікке, шабыт пен арман сезімдеріне толы болсын.
Осы рухани отбасылық мерекеде тілеген барлық тілектеріңіз орындалсын!
Қымбатты жерлестер және әлемнің әр түкпіріндегі достарым сіздерге денсаулық пен махаббат тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен!» – деп жазды Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ әнші Әнұранды әрлеген (аранжировка – ред.) Ерлан Бекчурин екенін айтты. Әділжан Толықпаев пен Шырын Базаркулова нотаға түсірген.