Ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
9,893
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктерінің айтуынша, 2 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз күші – 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні  – 23-28 м/с.

Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні –15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда – 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні – 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Павлодар облысының бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік, шығыс, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с, кей уақыттарда – 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні – 15-20 м/с, кей уақыттарда – 23-28 м/с.