Lexus RX көлігі комплектациясына байланысты 34 миллионнан 48 миллион теңгеге дейін бағаланған.
"Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз!": Әнші Sadraddin анасына көлік сыйлады
massaget.kz
3,894
оқылды

Танымал әнші Болат Садраддин Жаңа жыл қарсаңында анасына көлік сыйлады. Бұл туралы әнші Instagram Stories-інде жария етті.

"Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз!" деген ұлына әншінің анасы "Жәннаттың есігін нәсіп етсін" деп тілегін білдірді.

Жарияланған видеодан көліктің маркісі – Lexus RX. Оның бағасы ресми сайтта комплектациясына байланысты 34 миллионнан 48 миллион теңгеге дейін барады.

24 жастағы шымкенттік әнші бұған дейін анасына пәтер сыйлаған екен. Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтқан болатын.