Жол апатына түскен жүргізуші оқыс оқиға алдында жол полициясынан екі рет ескерту алған.
Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты
956
оқылды

Бүгін сағат 08.30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 426 шақырымы тұсында Toyota Alfhard автокөлігінің 1993 жылғы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай аударылған.

Салдарынан көлік жүргізушісі мен  жолаушының бірі оқиға орнында қаза тауып, 3 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданы Миялы және Сағыз ауылдары тұсында орналасқан бекеттерде екі рет ескерту жасаған.

Баян Жанұзақова