«Қазгидрометтің» болжамынша, 12 өңірде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктер 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: ТЖМ-нен алынды
3,035
оқылды

3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында түнде ауа температурасының 26-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында  – 15-20 м/с. Өскемен қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні  – 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні  – 25 м/с. Семей қаласында 3 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде екпіні – 18 м/с.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта екпіні – 15-20 м/с.