Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Астана -Петропавл» тасжолының бойында Жасыл ауылы маңында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жол апаты 10-ға жуық көліктің соқтығысуынан болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көліктерге механикалық зақым келді», – деді департамент өкілі.
Полицейлер қолайсыз ауа райында жылдамдықты азайтып, ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.