Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Рустам Ахатханұлы 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылы Еуразия нарық институтында экономист мамандығын меңгеріп шыққан.