Халықаралық сарапшылар Қазақстанның экономикасына,макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болжамдар айтуда.
Халықтың тұрмысы түзелгені маңызды – Нұртай Сабильянов
1,355
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Шын мәнінде, мен үшін макроэкономикалық көрсеткіштер соншалықты маңызды емес, азаматтардың тұрмыс сапасының іс жүзінде жақсаруы одан әлдеқайда маңыздырақ» деп нақты ұстанымын жеткізді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов пікір білдірді. 

Экономикамыз қалыпты даму үшін жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижелілігі мен тиімділігі маңызды.

Сұхбатта Президент экономикамызды ілгерлету жолында бірнеше бағыттарды айқындады.

Біріншіден, ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Енді жобаларға талдау жасалып,олар инвесторлар,сарапшылар және бизнес өкілдерінің қатысумен пысықталады. Мемлекет қолдау көрсетеді.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету туралы заң нормасын жақында Парламент Мәжілісі мақұлдады. 

Заңсыз шығарылған активтер елге қайтарылуда,әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды жақсартуға оң әсерін тигізуде.Бұған қатысты Парламент тиісті заң қабылдады. 

Экономикамызда басты міндеттің бірі – инвестиция тарту болып табылады. Осыған байланысты Инвестициялық штаб құрылды,оған инвестициялық ахуалды жақсарту үшін ауқымды өкілеттілік берілді.

Екіншіден, Президент инвесторларға қолайлы жағдай жасаумен қатар, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне ерекше мән беріп отыр.

Бұған Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан Бюджет кодексінің алатын орны ерекше. Бұл орайда, депутаттар бюджет қаражатының мақсатына сай жұмсалуын,тиімділігін қамтамасыз етуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиімділігін арттыруға, дивиденттерді толық төлеуге бағытталған ұсыныстар енгізді.

Бұл тұрғыда Парламент Мәжілісінде жан-жақты тақыланып жатқан Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы да үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік сатып алуға қоғамдық бақылау орнатудың да қажеттілігі зор.

Жаңа Салық кодексі әзірленуде. Бұл мемлекет пен бизнестің қарым қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін құжат болмақ.

Кәсіпкерлік пен бәскелестікті дамыту,жекеменшікті қорғау өте маңызды.

Бұл бағытта Президент тапсырмасына сәйкес нақты жұмыстар істелуде. Атап айтатын болсам, жақында Парламент Мәжілісі кәсіпкерлік қызметті жақсартуға, кедергілерді алып тастауға, мемлекеттік бақылау мен тексеру жүйесін реттеуге байланысты бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді.

Экономикамыз дамыса халықтың әл-ауқаты жақсарады. Бюджетке түсетін кіріс ұлғаяды.

Бұл бағытта жұмыстар жүйелі болуы қажет.