Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды.
«Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сот үкімі шықты
1,339
оқылды

Шымкент қалалық ҚМА департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңге болды»,  делінген агенттік дерегінде.

Аталған тұлғалар сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.