Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
Оралда кафеде болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты
1,317
оқылды

Оралдағы кафеде болған өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы ақпарат жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Оралдағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

«Қираған үйінділер астынан 6 адам табылып, құтқарылды. Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасады», – делінген Батыс Қазақстан облысы ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылған. Қазір барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылған.