Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелді.
ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адамды ұстады
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
873
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелді», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы  2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.