Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап, жүргізді.
Талдықорғанда 250 миллион теңге жымқырған лауазымды тұлғалар сотталды
Фото: gov.kz
1,943
оқылды

Талдықорғанда көпқабатты үйлер құрылысы кезінде аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған тұлғалар сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жетісу облысының прокурорлары Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты әділ үкімге қол жеткізді»,  делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап жүргізді.

«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып,  250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды»,  делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкері Қылмыстық кодекстің  189-бабы 4-бөлігі  2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.