Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің дамуы мен болашағына бетбұрысын айқындап берді.
Жұмыссыздық азайса, әлеуметтік мәселе шешіледі – депутат
725
оқылды

Алдымызда биік мақсаттар тұр – бұл ел мүдделерін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын арттыру.

Қазіргі халықаралық аренада орын алған жағдай мен жаңа сын-қатерлер Қазақстанның сыртқы саясаты алдында өзекті міндеттерді талап етеді.

Мемлекет басшысы өз сұқбатында барлық елмен достық екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, халықаралық алаңдарда ұлттық бастамаларды ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту қарқынын арттыруды атап өтті. 

Бұл ретте, елімізде халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Атап айтсақ, жаһандық көшбасшылардың, сарапшылардың және бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтетін Астана экономикалық форумы, әлемдік көшпенді мемлекеттерді біріктірген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларын біріктіретін жоғары деңгейдегі консультациялық кездесулер мен іс-шаралардың рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент өз сөзінде еліміздегі экономикалық және саяси реформалардың барысына да назар аударды. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру маңыздылығына тоқталды.

Бұл бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастыруға депутат ретінде бар күшімізді салатын боламыз.

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, Мәжіліс депутаты