Марқұмның құрбысының айтуынша, сол күні кешкі сағат бесте Балжан оған қоңырау шалып, оны Ақсу ауданы әкіміне барғанын және оны кабинеттен қуып шыққанын айтқан.
"Аудан әкіміне барған": Жетісу облысында өз-өзіне қол салған көпбалалы ана туралы жаңа деректер шықты
Фото: әлеуметтік желі
2,929
оқылды

Жетісу облысында 10 қорап аспирин ішіп, көз жұмған көпбалалы ананың өліміне байланысты жаңа деректер белгілі болды. Құрбысының айтуынша, марқұм сол күні аудан әкімімен кездесуге барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Press.kz порталына сілтеме жасап. 

35 жастағы Балжан Өзбекованың жұбайы Алматыда құрылысшы болып жұмыс істеген. Төрт балалы ананың кенжесі әлі емізулі сәби. 

Марқұмның құрбысының айтуынша, сол күні кешкі сағат бесте Балжан оған қоңырау шалып, оны Ақсу ауданы әкіміне барғанын және оны кабинеттен қуып шыққанын айтқан. Жетісу облыстық Полиция департаменті қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тәртіп сақшылары әйелдің шенеунікке баруы оның өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Еске салсақ, Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Жедел жәрдем бөлмесінде ол 10 қорап аспирин ішкенін мойындап, бір күннен кейін көз жұмды.