Ер адам бұрын қылмыс жасағаны үшін түрмеде отырған.
Павлодарда өз анасын ұрып өлтірген тұрғын сотталды
Фото: zakon.kz
718
оқылды

Павлодарда өз анасын өлгенше ұрып-соққан тұрғын сотталды. Ер адам бұрын қылмыс жасағаны үшін түрмеде отырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодардың №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

2023 жылғы шілдеде ер адам өзінің пәтерінде анасымен және бірге тұратын әйелмен ішімдік ішкен. Айыпталушы анасымен сөзге келісіп қалып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып, басынан бірнеше рет ұрған. Алған жарақаттардан анасы қайтыс болды. 

Сотта 44 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ айыпталушы бұрын қауіпті қылмыстық әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды. 

"Осыған байланысты ер адамға үкімдерінің жиынтығы бойынша 9 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Павлодардың №2 сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.