Еркенің айтуынша, осы уақытқа дейін оның үлкен ұлы Мүслім апасының қолында болған.
"11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты": Ерке Есмахан жұбайына алғыс айтты
Фото: Instagram/erke_esmahan
26,771
оқылды

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Ерке Есмахан оқырмандардың отбасына қатысты сауалына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Еркенің айтуынша, осы уақытқа дейін оның үлкен ұлы Мүслім апасының қолында болған. Алайда шаңырақ көтергеннен кейін жолдасы Raim оны "бізбен бірге тұруы керек" деп баланы алдырған.

"Мүслім туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Райм "Мүслім бізбен тұрады" деп айтты. Қасымызға алдық. Міне, содан бақытты отбасы болып бір шаңырақтың астындамыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын еді. Қазір қос ұлым жанымда. Райм 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты", – деп жазды Ерке.