Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Атырау облысында шенеунік парамен ұсталды
2,394
оқылды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін "Атырау облысы Білім басқармасы Жылыой ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.