Бораннан жол көрінбейді.
Республикалық маңызы бар жолдар жабылды
876
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды. 

Жетісу облысында – 1 учаске

1. «Үшарал-Достық»  – 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100 км.;

Қарағанды облысында – 1 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы» – 1505-1854 км, Новостройка ауылынан – Балқаш қаласының аралығында – 349 км.