Мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 452 млн теңге бөлінген, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Құрылыс жұмыстары жоба бойынша, өткен жылдың мамыр айында басталып, өз мерзімінде аяқталып отыр. Құрылысты мердігер мекеме – «ТемирСтрой Сервис и Ко» ЖШС жүргізген.
️Мектеп 17 оқу кабинеті, зертхана, шеберхана кабинеттерімен, асхана, кітапхана, лингафон кабинеті, мәжіліс және спорт залдарымен қамтылған. Жылу жүйесі газбен жабдықталған.
Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 5 мектеп пен 1 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 17 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің 7-нің құрылысы басталды.