Шибандар әулеті туралы кітап

Елордада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар әулеті» халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған кітапты шығармас бұрын қалай зерттел­геніне тоқталды.

«Кітапты дайындаған кезде орыс, татар, өзбек, тәжік және мем­лекет институтының бірнеше ғалымы атсалысты. Тілді жетік меңгерген ғалымдар болды. Олар парсы, араб тілдерін жетік білді. Архивтермен де көп жұмыс істедік. Әбілқайыр хан – тікелей Қазақ хандығын құруға қатысы бар. Өзбек тарихшылары Шибандарды мойын­дағысы келмейді. Олар көбіне Әмір-Темірдің тарихын айтамыз дейді. Мен өзбек ғалымдарына «өз­бек этнонимін алып барған Шибандар еді ғой» деп талай айттым. Ол кезде өзбек ұлт емес еді. Жалпы, қазақ пен өзбек сөзінің этимологиясы бір, екеуі де еркін көш­­пенді деген мағынаны біл­діреді», – деді тарихшы.

Тарихшы Б.Аяғанның айтуын­ша, кітаптың басты жаңалығы – Қазақ хандығының негізін қалаған Ұрыс ханның балалары туралы де­рек берілгені.

«Әбілқайырдың туған жері – қазіргі Атырау, хан болып көтерілген жері – Тобыл, ал қоныс тепкен жері – Сығанақ. Тек Әбілқайырдың балаларын кезінде көшпелі өзбектер деп атап кеткен, олар – Мұхаммед пен Махмұд. Екеуі Самарқандқа кетеді де, Шибан әулетінен өзбек мемлекетін құра бастайды. Ал Сыр бойында қалған Ұрыс ханнның балалары Қазақ хандығының негізін қалайды», –  дейді профессор.