Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
708
оқылды

Бес адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданында болды. Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөлігі бетпе-бет соқтығысты.

Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың мәйітін автокөліктен шығарды.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір отбасынан болуы мүмкін.

Өңірде биыл 9 күн ішінде жол апатынан 12 адам қаза тапты.