Қайғылы оқиға Өскемен-Семей тасжолында болған.
ШҚО-да жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмды
772
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам ажал құшты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қайғылы оқиға Өскемен-Семей тасжолының 23-шақырымында болған.

«9 қаңтарда сағат 15.25 шамасында Саратовка кенті маңында «Нива Шевроле» және «Тойота» маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.

Қазір абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.