"Қазгидромет" РМК 11-13 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Алдағы күндері Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы болады. Солтүстік аймақтарда аз уақыт аяз болады, ал оңтүстік аймақтарда қатты жауын-шашын соңы қарға ұласады. Ауа температурасының қысқамерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ та болады.
"Батыста 11 және 13 қаңтарда, солтүстікте 11-12 қаңтарда аяз сезіледі, түнде 20-32 градус аязға дейін төмендейді", – деп жазылған хабарламада.