Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин да "Халық үні" ютуб арнасына берген сұхбатында осы мәселеге арнайы тоқталып өтті.
Аталған сұхбатта ол еліміздегі қазіргі діннің жай-күйі жайлы:
"Дін деген – апиын. Сол дұрыс сөз. Оның мәнін ұғынып жатқан жоқ. Апиын – аз қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай ұғынамын. 19 ғасырдағы қазақтың зиялылары, оқығандары неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасап, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіредіншілдіктің түкке керегі жоқ. Мәдениет пен ғылым-білімді жеткізетін дін емес. Мешіт емес, мектеп. Бізге арабтың не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылу керек. Кәдімгі зиялылыққа жету керек. Зайырлы мемлекеттік санаға жету керек. Әсіресе балаларды бұзып бара жатыр. Жазатын да, айтатын да нәрсе көп. Енді ойламаған жерде, дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндарлар қазақтың салты мен дәстүріне қарсы. Киіміне қарсы. Тіпті, қазақтың тілін бүлдірді. Соңында бейіт тұрғызуға қарсы шығып, келін сәлем бермеу керек деді. Осының бәрі қазақты құртатын нәрсе», - деді.