Ал Мәжіліс депутаттары Айна Мүсірәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау көрсету орталығында болды.
Бүгінде Қазақстанда 41 дағдарыс орталығы бар. Аталмыш дағдарыс орталығына жылына шамамен 100 шақты әйел келеді. Барлығында ортақ мәселе – отбасы жағдайына байланысты жолдасынан немесе отбасы мүшелерінен жәбір көргендер.
– Заң қатаңдағанымен қылмыстық жағдай азаймай отыр. Сондықтан мамандармен, сарапшылармен кездесіп, нақтылап, түп-тамыры неде екенін анықтауымыз қажет. Дағдарыс орталықтары осындай зорлық-зомбылықты азайтуға ықпал етеді. Онда психологтар, заңгерлер, басқа да мамандар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға көмектеседі. Менің жұмысым болашақ заңнамаға кіретін өзгерістерді мамандармен талқылау. Сол себепті әлемдік проблеманы жою үшін, ең алдымен, заңды дұрыстауымыз қажет, – деді Снежанна Имашева.
Депутат Батыс Қазақстан облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының жұмысымен танысты. Ұйым қызметкерлері мен көмекке жүгінген әйелдермен кездесуде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оларды қорғау мәселелері талқыланды.
Көкшетау қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығы зорлық-зомбылық көрген немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді. Өткен жылы ұйым 27 балалы әйел мен 204 жасөспірімге көмектескен.
– Қазір Мәжілісте балалар құқығын қорғауға арналған заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы орайда біз сарапшылармен, кәсіби мамандармен кеңесіп, ұсыныс, тілектерін тыңдап отырмыз, – деді Айна Мүсірәлімова. Депутат орталық қызметкерлерімен кездесуде олардың жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілген еді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 60,7 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылған.