Щучинск қаласында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бөлінген бюджет қаржысын ұрлағандар сотталды.
Щучинскіде көпқабатты үйдің қаржысын ұрлағандар сотталды
968
оқылды

Бүгін Көкшетау қалалық сотының үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Сот үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, мердігер ұйымның директоры Ш. мен нысанға техникалық қадағалау және сараптаманы жүзеге асырушы маман 7 және 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2 тармағы бойынша сотталғандар Щучинск қаласында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 50 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Олар толық көлемде әлі орындалып болмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаны туралы актіге қол қойып жіберген. Қылмысты ұйымдастырушы мердігер ұйымның директоры Ш. мен техникалық қадағалау маманы Р. болған.  Облыстық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілген. 

– Қылмысты жасаудағы жасы келгеніне (74 жас) және белсенділігі төмендігін ескере келе Р.-ға жаза екі жылға дейін төмендетілді. Сонымен қатар Ш-ға қосымша мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды, – дейді Ақмола облыстық сотының өкілі. 

Сотталушылардың айыбын куәгерлер растады. Сот-құрылыс-экономикалық сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот сонымен қатар айыптаушы тараптың ұсынылған дәлелдерінен кейін қорғаушылардың құрылыс материалдарының қымбаттауына және жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстың жүргізілгені туралы деректерін жарамсыз деп таныды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы