Үздік елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 84-орынға тұрақтаған.
Үздік елдер рейтингі жарияланды: Қазақстан қай орында тұр?
1,084
оқылды

Алайда қазақстандықтардың өз өміріне қанағаттану деңгейі айтарлықтай жоғары, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

U.S. News нұсқасы бойынша, 2023 жылғы үздік елдердің рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 84-орынға тұрақтады. Бір жыл бұрын ел 85 елдің ішінде 82-орында болды. Сарапшылар елдерді саяхат (Қазақстан 86-орында), мәдени ықпал (85), кәсіпкерлік (80), мұра (83), бизнеске ашықтық (80), өмір сапасы (81) және басқа да критерийлер бойынша бағалады.

Finprom.kz-тің мәліметінше, рейтингте Швейцария, Канада және Швеция көш бастап тұр. Соңғы орынды Иран алды.

Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Беларусьті ғана басып озды. Рейтингке сондай-ақ Ресей (37-орын), Украина (68-орын), Әзербайжан (77-орын) және Өзбекстан (83-орын) кірді.

Өз кезегінде, 2023 жылы қазақстандықтар өз өмірі мен денсаулығына қанағаттанушылық туралы пікірлерімен бөлісті. Респонденттердің 41,8%-ы өз өмірлеріне толық қанағаттанған  бір жыл бұрынғымен шамалас. Респонденттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануы  51,8%, денсаулығына қанағаттануы 47,6% құрады.

Қазақстандықтардың 57,7%-ы өз өміріне, 47,4%-ы тұрмыс жағдайына, 49,3%-ы денсаулығына ішінара қанағаттанған.

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз өміріне, 0,6%-ы тұрмыс жағдайына, 3%-ы денсаулығына толық көңілі толмайтынын білдірді.

Қаржылық-экономикалық жағдайға келетін болсақ, респонденттердің 34%-ы материалдық жағдайына, 36,5%-ы отбасының экономикалық жағдайына толықтай қанағаттанған.

Қазақстандықтардың 63,2%-ы қаржылық жағдайына, ал 61,6%-ы отбасының экономикалық жағдайына ішінара қанағаттанғанын білдірді.

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз жағдайына, 0,5%-ы отбасының экономикалық жағдайына көңілі толмайтынын білдірді.