Бүгін боран күшейді. Синоптиктер ертең аяз болады деп болжап отыр.
Ертең Астанада жоғары сынып оқушылары мектепке барып оқиды

15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы ресми хабарлады. 

Бұған дейін бірнеше өңірде боран болып, жол жабылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.