Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен аяз болады.
-33 градус аяз: алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
24,932
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 16-18 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, елдің басым бөлігінде антициклон әсерінен аяз болады. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында қар жауады, боран болып, жел күшейеді.

"Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады. Ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады, жел мен бұрқасын күшейеді. Аяз, әсіресе, солтүстікте, шығыста және орталықта, түнде 25-33 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-23, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градусқа дейін жетеді, ал батыста түнде 8-18, күндіз 3-15 градусқа дейін суық болады", – делінген «Қазгидромет» берген ақпаратта.