Жалпы декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға бірінші ескерту жасалады.
Асылтұқымды малы болса да декларацияда көрсетуі тиіс
Фото: zakon.kz
1,024
оқылды

Заңбұзушылық қайталанса 15 айлық есеп көрсеткіш көлемінде, яғни 55 380 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды.

Бұл жолы кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайына декларация тапсыру міндеттеледі. Олар елдегі және шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлкін жария етуге тиіс. 

35 миллионға жуық қолма-қол ақша мен құны 3 миллионнан асатын құнды дүниесін де тіркеуі қажет. Салық маманы, зергерлік бұйымдар, асылтұқымды жануарлардың да жалпыға бірдей декларациялауға жататынын айтты. 

Декларацияны e-salyq¬azamat, «салық төлеуші кабинеті», «электрондық үкімет» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Неде болса жеке қағаз түрінде де, электронды түрде де 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы қажет.

Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялаудың 1-кезеңі 2021 жылы басталды. Екінші кезеңі 2023 жылы өтіп, оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласында жұмыс істейтін азаматтар мен мен олардың жұбайы кірді. 

Енді 2025 жылы қалған санаттағы азаматтар тапсырады. Мақсат – көлеңкелі экономикамен күресіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.