Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Судья Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша айыпталып отыр. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
ҰҚК облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңге алып жатқан сәтте ұстады.
Тергеу жалғасып жатыр.