"Қазгидромет" синоптиктері 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Антициклон әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады, жауын жаумайды.
Тек республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және жел күшейеді.