Күдіктілер криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.
Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастағандар сотталды
Фото: EPA/UPG
529
оқылды

ҚМА Астана қалалық департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

«Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5%-ға дейін сыйақы комиссия алып отырған. Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз», – деді ҚМА өкілдері.