Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті қорытынды тұжырымдаманы ұсынды.
Мәжілісте электромобильдерге қатысты заң жобасы мақұлданды
Фото: astanazan.kz
1,180
оқылды

Мәжілістің бүгінгі отырысы барысында электромобильдер туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті әзірлеген қорытындыға сүйенсек, заң жобасы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жол жүрісі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

Заң жобасының негізгі нормалары:

- «электрмен қуаттау станциясы» деген жаңа ұғымды енгізуге;

- жолдарды жобалаған кезде электрмен қуаттау станцияларын орнататын арнайы орын қамтамасыз етуге;

- егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында аумақты электрмен қуаттау станцияларын салатын орындарды резервке қою мәселесін белгілеуге;

- заңнамаға «гибридті автомобиль» және «электромобиль» ұғымдарын енгізуге;

- әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санаттардағы тұрақты сауда объектілерінде, базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында, алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде электрмен қуаттау станциялары бар такси тұрағын ұйымдастыруға;

- ерекше қорғалатын аумақты жоспарлау жобасында орталық электрмен жабдықтау желілеріне кіре алатын орындарда электрмен қуаттау станциялары бар тұрақтарды орналастыруға;

- электромобильдердің меншік иелерін, оның ішінде ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды, көп балалы аналарды, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарды және арнайы автокөлік жүргізушілерін тұрақ орындарын төлеуден босатуға бағытталған.