«Қазавтожолдың» мәліметінше, батыста республикалық маңызы бар автожолдың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ауа райына байланысты бір облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
2,018
оқылды

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске:

1. «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ. – РФ шек. – 100 км.

2. «Самара-Шымкент» 195-251 км, РФ шек. – Орал қ. – 56 км.

3.. «Самара-Шымкент» 261-393 км, Подстепное к. – Жымпиты к. – 132 км.

4. «Атырау-Орал» 189-492 км, Атырау обл. шек. – Орал қ. – 303 км.

5. «Орал-Теплое» 5-33 км, Орал қ. – РФ шек. – 28 км.

6. «Подстепное-Федоровка-РФ шек.» 0-36 км, Подстепное к. – Федоровка а. – 36 км.

7. «Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі» 0-14 км, Подстепное к. – Құс фабрикасы – 14 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін енгізілді. 

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар күреуге 765 бірлік техника мен 1452 адам жұмылдырылды.