Құтқарушылардың ақпаратына сүйенсек, термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Арыста болған жарылыстан екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Фото: atpress.kz
860
оқылды

Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz жазуынша, төтенше оқиға наубайханада болған. 

Құтқарушылардың ақпаратына сүйенсек, термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Анықталғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан, газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесін 30 және 70 пайыз  күйік шалған», – делінген хабарламада.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.