Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс.
Шымкентте 33 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізушінің көлігін алып қойды
2,520
оқылды

Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат алды.

Полиция мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады.

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс.