Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Жаркентте көз жұмған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-ке сілтеме жасап.
«Мен отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Дерт. Бұл – менингит. Ол жедел формада өткен. Әдетте аурудың бұл түрі тасымалдаушыларда болады. Өкінішке қарай, әскерге шақыру кезінде сарбаздарды менингиттің барына тексеру талабы жоқ. Біз қазір бұған қол жеткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, осы жағдайдан кейін әскерге шақырылған сарбаздарды тексеру бойынша шешім қабылдадым. Әскери бөлімге келгеннен кейін жастарда 100% менингококкты тасымалдауға тексереміз. Егер біз анықтасақ, ол бес-жеті күн ішінде дәрі-дәрмекпен емделеді. Олай болмайды», – деді ол.
Министр сондай-ақ мәселе бар екенін, марқұм сарбаздың ата-анасы диагнозбен келіспей отырғанын айтты.
«Мен өзім де әкемін. Түсініп отырмын. Бұл бәріміз үшін қайғы. Бірақ қазақша айтқанда «ажалы келді», – деді ол.
Министр сараптама диагнозды растағанын айтты.
Еске салсақ, желтоқсанда Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай ғана болған сарбаз көз жұмған болатын. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жетіп, Әмірдің комаға түсіп қалғаны айтылған. Көп ұзамай жас жігіт қайтыс болған.