Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Ерлан Қарин: БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі
Фото: baigenews.kz
661
оқылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысы қолдау тапты. 

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Бұл біздің соғыс пен қақтығыстардың алдын алуға қатысты бірлескен іс-әрекетке қосқан үлесіміз. 

Қазақстан соңғы 10 жыл көлемінде БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысып келеді. Бұл еліміздің әлем алдындағы беделін көтеруге және ұстанымын нығайтуға көмектесті. Сондай-ақ БҰҰ мен халықаралық әріптестер тарапынан зор сенімге ие болдық. 

Әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы Қарулы Күштердің әлеуеті мен тәжірибесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы ресурстардың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ол да маңызды факторлардың бірі», – деп жазды ол.