Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты парламент палаталарының өкілеттіктерін елдің жаңартылған Конституциясына сәйкес өзгертуге бағытталған заңнаманы мақұлдады.
Өзбекстанда депутаттар  санын қысқартып жатыр
Азаттық радиосы
1,224
оқылды

Kazinform-ның жазуынша, парламент палаталарының бір-бірін қайталайтын өкілеттіктері нақтыланған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Енді сенаторлардың жалпы саны 100-ден 65-ке дейін қысқарады.

Бұл ретте әрбір әкімшілік аумақтан 4 сенатордан сайланады, ал қалған 9 депутатты президент тағайындайды.

Сондай-ақ заң шығару палатасы спикерінің орынбасарлары 7-ден 2-ге дейін қысқарады.

Бұл ретте олар өз міндетін атқару кезеңінде фракция құрамында болмайды және саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады.

Бұған қоса заң шығару палатасы мен Сенатқа өзін-өзі тарату өкілеттігі беріледі.

Бұл жағдайда заң шығару палатасындағы жаңа сайлау 2 ай аралығында, ал Сенаттың жаңа құрамы бір ай ішінде жасақталуы тиіс.

«Сенаттың құрамы мен комитеттердің атауларын, сондай-ақ заң шығару палатасы спикері орынбасарларының саны мен мәртебесін айқындайтын заңның ережелерін 2024 жылы, кезекті шақырылымдағы Олий Мәжілісі палаталарының қызметі басталған кезде іске асыру жоспарланып отыр», – деп мәлім етті Сенаттың баспасөз қызметі.