Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, науқастың жағдайы бірқалыпты, - деп жазды Aikyn.kz.
"Қазір тұрақты емін қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында", - деді дәрігерлер.
Айта кетейік, науқас сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында бытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозымен облыстық көпбейінді ауруханасына санитарлық авиациямен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде ем қабылдады.