Қайғылы оқиға Көкпекті ауданында болған.
Абай облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмды
659
оқылды

Аймақтағы 102 арнасына белгісіз ер адам республикалық маңызы бар “Омск-Майқапшағай” тасжолында жол-көлік оқиғасы болғанын жеткізген,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Белгілі болғандай, ол зардап шеккендер бар екені туралы мәлімдеген.

Алдын ала дерекке қарағанда, “Mazda 626” маркалы автокөлігін басқарған 51 жастағы облыс орталығының тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігімен соқтығысқан.

"Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен  тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізілген. Ал «Мазда 626» маркалы автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды",  делінген Полиция департаментінің жазбасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.