Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.
Ел тарихындағы тұңғыш жеңіс! Илья Мизерныхты Президент құттықтады
1,198
оқылды

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, –  деп жазады Olympic.kz. 

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орнын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты. 

Екінші орында – аустриялық Никки Хамл, үшінші  сатыда – польшалық Лукас Лукащук. 

Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған.