«Қазгидрометтің» хабарлауынша, аймақтарда жел соғып, көктайғақ болады.
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті
1,919
оқылды

Қызылорда облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде кей жерлерде тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

20 қаңтарда сағат 21.00-ден 21 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту күшінде қалады.

20 қаңтар сағат 21.00-ден 21 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семей қаласында ауа райы құбылмалы болады.