Былтыр Қазақстанда ақылы 17 жолдан қаржы жиналды.
Бір жылда ақылы жолдан қанша ақша түсті?
Фото: ortcom.kz
3,522
оқылды

«ҚазАвтоЖолдың»  мәліметінше, 2023 жылы ақылы 17 жолдан жүргізушілер тарапынан 30 283 900 мың теңге жиналды. 

Жиналған қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге, ақы алу жүйесін күтіп ұстауға, инвестицияларды қайтаруға, жол пайдалану техникасы мен жабдықтар сатып алуға жұмсалмақ.

Жылдық аудит есебінен кейін таза кіріс анықталады. Оның 80 пайызы республикалық бюджетке төленіп, қалған 20 пайызы жол саласын дамыту үшін «ҚазАвтоЖолда» қалады. 

Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдар көбейетінін  хабарлаған болатынбыз.